Театр өнерін дәріптеу, мәдени хабардарлықты және театрға қызығушылықты арттыру мақсатында, 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай №3 көпшілік кітапханасында Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Дина Шайдоллақызы Куспанмен «Театр әлемінің сиқыры» атты шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге театр өнерін сүйетін оқырмандар мен жастар қатысты. Қонағымыз Дина Шайдоллақызы өзінің шығармашылық жолы, сомдаған рөлдері мен сахна сыртындағы қызықты сәттері туралы әңгімелеп берді. Театрдың қоғамдағы рухани рөлі мен жастар тәрбиесіндегі маңызы да сөз болды. Шара барысында қатысушылар актрисаға сұрақ қойып, естелікке қолтаңба алды.