21 маусым күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 19 мектептің сауықтыру лагерінің балалары үшін балалар жазушысы С. Омаровтың 115 жылдығына орай «Тағдырдың жазған жолы» әдеби сағаты өткізілді. Оқушылар кітапханада Сейітжан Омаровтың өмірі мен шығармашылығымен танысып өтті. Жазушы шығармаларының басым бөлігі балалар өміріне арналған. Өз туындыларында автор жасөспірімдерді отансүйгіштікке, ерлік пен батылдыққа, достық пен бірлікке, рухани тазалық пен пайымды парасатқа үндейді. Шара барысында оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларынан үзінділер оқылып, «Балалар жазушысы Сейітжан Омаров» бейнебаяны көрсетілді.