«Табиғат » ойын-сайыс бағдарламасы

Сәуірдің 22 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында №96 бала бақшаның ересек топ балаларына «Табиғат » атты ойын-сайыс бағдарламасын өткіздік.

Шараның мақсаты: табиғат әлеміне деген таным қызығушылықтарын дамыту, табиғат әлеміне мейіріммен қарауға тәрбиелеу, табиғатты қорғай білу, оған көмек бере алу.

№4 балалар кітапханасының кітапханашылары шараны құттықтаумен ашты – 22 сәуір – Халықаралық Жер күні. Балалар, сондай әдемі жерімізді, ортақ үйімізді, қоршаған әлемді сүйіп  сақтауға, адам мен табиғат бір бірімен байланысты,егер Жерге қиянат жасаса, бізге де жаман болатынын, жерімізді қорғап, сақтау керектігін түсіндіріп айтты. Кітапханашы Н. К. Мухутдинова балаларға осындай қызық және ерекше мереке – Жер күні туралы айтты. Ғаламшарымыздың туған күні бар екеніне балалар таңғалды. Жүргізуші балаларды  көктемгі орманға серуендеуге шақырды, сонымен қатар орман сүрлеулері бойынша экскурсия өткізді. Кітапханашы балаларды орман мекендеушілермен таныстырды, олар қалай тіршілік ететіні туралы айтты. Ал, балалар осы жануарлар немен көректенетінін, қоршаған ортаға пайдасы туралы толықтырып айтты.

Орманда өзінді қалай ұстау керек? Осы сұраққа балалар «Егер мен орманға барсам?» атты ойынға қатысып, жауап берді. Балалар ормандағы тәртіп ережелерін естеріне түсірді. Табиғатқа қорғау, мейіріммен қарау керек деп өз пікірлерін айтты.

Жылымық перизатты ояту үшін «Күннің көзі», шық!» атты бой сергіту минутын өткіздік. Күн балаларды жылытып, орман жануарларынан келген телеграммалармен алтын сандық сыйлады. Балалар олардың авторларын тез-ақ таныды. Содан кейін балаларға қонаққа Ақылды Кірпі келді. Оның інелерінде алмалар болды. Алмаларға шағын әңгімелер жазылған. Балалар осы әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін айтты.  Балалар барлығы бірге «Орман жұмбақтарын» шешті. «Табиғат туралы сүйіспеншілікпен» атты кітап көрмесінен шолу өткізгенде, кітапханашы Жер ғаламшары , табиғат, өсімдік және жануарлар әлемі туралы түрлі энциклопедиялармен таныстырды, Қазақстанның Қызыл Кітабы туралы айтты, жануарлар және өсімдіктер туралы жазатын тамаша жазушылар В. Бианки, В. Пришвиннің т. б. шығармаларымен таныстырды..

«Бүршіктерді теріп ал», «Кім жылдам» атты ойындарға балалар қуана-қуана қатысты. Шараның аяғында балалар қоршаған ортаға , табиғатқа сергектікпен , қамқорлықпен қарауға уәде берді. Қатысқандар саны: 60 бала.

Комментарии запрещены.