2023 жылы 28 қарашада сағат 10.00-де С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күні» жобасы аясында Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Сырғалым» жобасының «Ұлттық қолөнер — тәрбие көзі» тұсаукесері өткізілді. Жобаның мақсаты: қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы білімді қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған. Бағдарламаға ұлттық тәрбие туралы, қыздарды тәрбиелеудегі қолданбалы өнердің рөлі туралы шағын баяндамалар; қазақтың бас киімдерінің, ұлттық киімдерінің, зергерлік бұйымдарының және басқа да қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, оларды жасау бойынша мастер-класстар, сондай-ақ «Ұлттық киім шеруі» дефилесі енгізілді.
Іс-шараға «Кәусар бұлақ» ата-әжелер клубының мүшесі Ильяшев Байкен Ноғаевич,«Аталар» мектебінің төрағасы Нұрғалиев Қайыртас Құсайынұлы, қолөнерші, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Аламан көрпе», «Тақия Фест», «Көрпе Фест» фестивальдерінің қатысушысы және жеңімпазы Сұңғатова Ғалия, қала және облыс қолөнершілері қатысты.