Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, сыңғырла, қоңырау!» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, мектепке, ұстазға деген құрмет сезімдерін ояту. Әдеби сағат барысында оқушыларға білімнің маңызы, мектеп өмірінің қызықты сәттері туралы мағлұматтар берілді. Балалар өлеңдер оқып, жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.















