14 шілдеде Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Жағалауда «Кітапқұмар Павлодар» OPEN FEST кітапханалық жобасы аясында, сондай-ақ қала күні құрметіне «Кітап шытырманы» кітап фестивалін өткізуге жауапты болды.
№6 балалар кітапханасының ұжымы Жағажайда «Менің қалам» атты балалардың бейнелеу өнері конкурсын ұйымдастыруға жауапты болды. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік пен патриотизмді тәрбиелеу, талантты балаларды қолдау, олардың танымдық қызығушылығын ынталандыру. Конкурсқа ата-аналарымен бірге серуендеп жүрген балалар қатысты.
Төрттен он бес жасқа дейінгі балалар сурет салды. Негізінен туған қаланың пейзажын: мешіт, шіркеу, Ертіс өзені, субұрқақ, өз үйлері, табиғат, қала көрінісін салды. Балалар өз өнерін асқан шабытпен, туған жерге деген сүйіспеншілікпен көрсетті.
Барлық конкурсқа қатысушылар жүлделер мен сыйлықтар алды. Балалар конкурсы жалпы мерекеге өзіндік көрік берді. Оған 50-ден аса бала қатысты.