5 тамызда № 3 балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарына «Су – табиғаттың сыйы» ақпарат күні өткізілді.
Мақсаты: Білімқұмарлықты дамыту, суға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Қатысқандар 13 адам.
Ақпарат сағаты судың әуенің /музыкасын/ тыңдаумен басталды. Су туралы жұмбақтар шешілді. Жер бетіндегі ең ерекше зат-ол су. Су әртүрлі болады. Ол тез-жылдам ағын болып ағады, теңізде сырғанап, суық мұз немесе ыстық бу болуы мүмкін. Сусыз жануарлар мен өсімдіктер және адамда өмір сүре алмайды. Сусыз өмір жоқ. Сондықтан суға қалай қарау керек? Құрметпен, оны сақтау, дұрыс пайдалану, ал ол үшін ол туралы көп білу керек. Су туралы, оның қасиеттері туралы айтылды. Ары қарай балаларға «Су туралы 15 қызықты мәліметтер» бенеролигі көрсетілді. Жұмбақтар шешіп, су туралы мақал-мәтелдің жалғасын тапты. «Керісінше айт», «Водная эстафета» ойындары ойналды. Балаларға пайдалы кеңестер айтылды. «Дождик льёт по крышам» әнінің аудиожазбасын тыңдады. «Капелька» мультфильмін тамашалады.