№ 4 көпшілік кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Сол жылдарға тағзым етейік» атты батылдық сабағын өткізді. Іс-шара барысында ең алдымен кітапханада Ұлы Отан соғысында қатысқан тыл еңбеккерлеріне Колбик А. Г. мен Салимова А. Е. сөз беріліп, батырларымыздың ерліктері жайында ақпарат берілді. Арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Сонымен қатар балаларға аталмыш тақырыпта викторина ойнатылды. Іс-шара сонында шақырылған қонақтарға балалар мен кітапхана қызметкерлердің тарапынан жылы лебіздер білдіріліп, өлеңдер оқылды.