«Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім…»

Тамыздың 19-ы күні кітапханамызда халық жазушысы, майдангер Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған «Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім…» атты тарихи кеш өтті. Шараның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылық жолын жастарға таныстырып, оның ерлік пен еңбекке толы ғұмырын үлгі ету. Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірбаяны, соғыс жылдарындағы ерлігі және бейбіт өмірдегі шығармашылық еңбегі туралы мәліметтер ұсынылды. Қалмұқан Исабаевтың кітаптарынан үзінділер оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар тарихи викторинаға қатысып, өз білімдерін ортаға салды.

Комментарии запрещены.