6 наурыз күні №3 көпшілік кітапханада «Асыл жандар» әжелер тобының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне орай «Сізге деген шексіз сүйіспеншілікпен!» атты әдеби-музыкалық қонақ бөлмесі шарасын өткізді. Шара барысында қатысушылар аналарға деген шексіз махаббат пен құрметті танытатын әңгімелер мен өлеңдер оқып, жүрек тебірентер әндермен өнер көрсетті. Бұл ерекше күн анаға деген алғыс пен махаббатты сөзбен, әнмен жеткізудің тамаша сәті болды!