Астана күнін мерекелеу аясында 03 шілдеде №3 көпшілік кітапханасында «Сіз Астананың әдемі жерлерін білесіз бе?» атты блиц-турнир өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балаларды елорданың тарихи өткенімен және көрікті жерлерімен таныстыру, патриотизмге, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Оқырмандар елорданың тарихы мен көрікті жерлеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Шара танымдық әрі қызықты форматта өтті. «Астана – Қазақстанның жүрегі» кітап көрмесінде Астананың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорда дамуының экономикалық, мәдени және әлеуметтік аспектілері туралы әдебиеттер ұсынылған.