Кенжекөл көпшілік кітапханасының оқу залында: «Шуақты мереке – Наурыз» атты наурыз мерекесіне арналған кеш өтті. Жүргізуші-кітапханашы Зульфия Шадиева оқушылармен амандасып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Қазақтың ұлттық дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін көрсетті. Кітапхана меңгерушісі Амангүл Жумабай балаларды құттықтап сөз сөйледі. «Наурыз – жастықтың бастауы» — атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Көрермендерге Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беріп, жыл басы «Наурыз» мерекесінен бастау алатыны туралы түсінік берді. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, ықыласпен тыңдады. Кеш барысында ұлттық ойындар ойнатылды. Олар: «Асық», «Аударыспақ», «Екі таяқ», «Арқан тарту» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын қызыға ойнады. Кенжекөл ЖОББМ 4 «Ә» сынып оқушылары Гүлсана Калкенова және Нұрдаулет Жакупов домбырада Құрманғазының «Сарыарқа» , «Ақсақ киік» күйлерін орындады. Музыка мектебінің оқушылары Жакупов Нұрдаулет пен Казиз Гүлдана «қыз бен жігіт» айтысын көрсетті. Кеш соңында Кенжекөл мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Дубай Мустафа бата берді. Қатысқандар саны: 16 оқырман.