«Шәмші әндері»

Биыл көрнекті композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәмші Қалдаяқов 95 жасқа толады. Шәмші Қалдаяқов ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкасының авторы. 2025 ж. 24 ақпанда № 2 орта мектептің 8 сынып оқушыларына «Шәмші әндері» музыкалық сағаты өткізілді. Іс-шара ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Кітапханашылар композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар «Ана тұралы жыр», «Сыған серенадасы», «Арыс жағасында», «Бақыт құшағында», «Өмір – өзен» әндерінің жазылу тарихымен танысып, оларды тыңдады. Шамшидің музыкасы әр түрлі жанрларда жазылған. 21 жастағы ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне ол өзінің ең танымал әндерінің бірі — «Менің Қазақстаным» әнін 26 жасында жазған. 2006 жылдың 11 қаңтарында бұл ән алғаш рет Ақордада Мемлекеттік Әнұран ретінде шырқалды. Қалдаяқов жазған әндер әр түрлі жастағы адамдарды қызықтырады. Тамаша қазақ композиторы туралы естелік көшелер мен кенттердің, ескерткіштердің, саябақтардың, мәдениет үйлерінің атауларында мәңгі сақталған. Жыл сайын елімізде Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты байқау-фестиваль өткізіледі. Шараның соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.