Шахмат – өз заңдары мен аңыздары бар тұтас әлем. Шахмат ойнау ойлауды тәртіпке келтіреді, зейінді арттырады, бірақ ең бастысы есте сақтау қабілетін дамытады. Шахмат — достықты нығайтуға көмектесетін қарым-қатынас үшін тамаша мүмкіндік. 9 шілде күні кітапхана қызметкерлері Халықаралық шахмат күніне арналған «Шахмат патшалығына саяхат» атты тақырыптық сағатын өткізді. Тақырыптық сағаттың қатысушылары «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің қамқоршылары». Кітапханашы 1500 жылдан астам тарихы бар бұл таңғажайып ойынның тарихына тоқталды; бұл мерекенің тарихы және оның дәстүрлері туралы; атақты және көрнекті шахматшылар туралы, сондай-ақ шахмат әлемінен көптеген қызықты және әдеттен тыс фактілері туралы айтып өтті. Қатысушылар шахмат туралы жұмбақтарды шешіп, «Сен мұны білесің бе…» викторинасына белсенді қатысты. Осы таңғажайып тақырыптық сағаттың соңында шахмат турнирі өтті, онда барлығы осы өте қиын, бірақ сонымен бірге қызықты ойында өз шеберліктерін көрсетті.