Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл


29 тамыз күні Орталық қалалық кітапханада Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған онлайн форматта іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Жаһандық экологиялық проблемаларды адамзатқа қауіп ретінде түсінуге жәрдемдесу, бейбітшілік пен өмірді сақтау проблемасының адамгершілік аспектілерін ашу. Басылымда Кеңес Одағының ядролық бағдарламасы тарихының беттерінің бірі ретінде Семей полигоны қызметінің тарихы, осы полигонда атмосферада және жер астында ядролық сынақтар жүргізу туралы, сондай-ақ олардың полигонға іргелес аудандарда тұратын халықтың денсаулығына әсер ету дәрежесі туралы айтылады. Басылымда деректі фильмнен үзінді, сынақ құрбаны туралы шынайы естелік, адамға қатысты осындай тәжірибенің барлық ауырлығы мен зиянды салдары туралы баяндалады
 

Комментарии запрещены.