«Сағынады ақынды сыздап жүрек»

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың 95-ж. орай №2 мектептің 7 сынып оқушыларына «Сағынады ақынды сыздап жүрек» әдеби-сазды сағаты өткізілді. Кітапханашылар аса көрнекті ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ол «ғасыр ақыны» деп танылды, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты, қазақ поэзиясының алтын домбырасы. Оның өлеңдері лирикалығымен, адамгершілігімен, шынайылығымен,  сезім тереңдігімен ерекшеленеді. Ақын 2 мыңға жуық өлең жазды, 100-ден астам өлеңдері әнге айналды. Бұл әндерді ересектер де, балалар да сүйіспеншілікпен айтады. Оқушылар «Бақыт деген», «Саржайлау», «Отан», «Есіңе менің алғайсың»әндерін тыңдап, бірге қосылып шырқады. М. Мақатаевтың «Әкеме», «Қарасазым», «Отан», «Поэзия», «Қара өлең» т.б. өлеңдерін оқыды. М.Мақатаев жайлы видеофильмдер көрсетілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.