«Сәбит Мұқанов — өз дәуірінің айнасы»

22 сәуір күні № 4 көпшілік кітапханасының ұйымдаструымен қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жыл туғанына орай Павлодар технологиялық колледжінің кітапханасында 1 курс студенттеріне арналып, Ұлттық кітап күніне орай «Сәбит Мұқанов — өз дәуірінің айнасы» атты әдеби кеші өтті. Іс-шара барысында оқырмандар қаламгердің өмірбаянымен және шығармаларымен таныс болды. Сәбит Мұқанов туралы слайд- презентация көрсетілді, оқырмандар назарына ұйымдастылған «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» кітап көрмесіне шолу жасалды. Әдеби кешке қонақ ретінде Бейсен Ахметов атындағы педагогиқалық жоғары колледжінің қазақ тілі /әдебиеті факультетінің 4 курс студенті Советхан Таңшолпан, Павлодар технологиялық колледжінің меңгерушісі О. Н. Фаткина қатысты. Студенттер Сабит Мұқановтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мол мағлұмат алды.

 

Комментарии запрещены.