«Рухани келісім — болашаққа бастар жол»

2025 жылы 15 қазанда Рухани келісім күніне орай Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған лицей мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани келісім — болашаққа бастар жол» ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы Рухани келісім күнінің тарихи маңыздылығын баяндап, ұлтаралық келісім мен әр халықтың мәдени дәстүрлерін құрметтеу қажеттігін атап өтті. Көрмеде осы мерекенің маңыздылығын ашатын, Қазақстан халықтары арасындағы бірлік және өзара түсіністік идеяларын көрсететін кітаптар ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.