18 қазан күні Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы А. С. Айтмағамбетова № 5 ЖОМ 5 сынып оқушылары үшін рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бейбітшілік пен тыныштықтың жалғыз жолы» атты рухани сағат өткізді. Іс-шара бір-бірімен сәлемдесуден басталды.
Кітапханашы А. С. Айтмағамбетова балаларға бұл күннің шығу тарихымен таныстырды.18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл дәстүрдің басы 1992 жылдың қазан айында Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыда өткен Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің бірінші сессиясынан басталды.
Шара барысында балалар төзімділік деген не екенін білді,толерантты адамға қандай қасиеттер тән екенін анықтады. Мысалдар арқылы сыйластық, махаббат, түсіністік, келісім, басқаларды қабылдау сияқты қасиеттер әңгімеде қозғалды. Ең бастысы балалар біз әр түрлі екенімізді, бірақ бір қоғамның, бір халықтың, бір сынып ұжымының бір бөлігі болып табылатынын, сондықтан біз бір-бірімізді құрметтеп, бағалай білуіміз керек екенін түсінді.
Оқушылар «Толеранттылық» өлеңін тыңдады. Шара барысында балаларға «18 қазан-Рухани Келісім Күні» атты слайд-презентация көрсетілді. Сонымен қатар «Рухани келісім – халық байлығы»атты кітап көрмесіне назар аударылды. Іс-шара соңында балалар «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрды және «Достық хоры» әні сүйемелдеуімен бірге бір-біріне тілектерін айтты.
Іс-шараға 29 адам қатысты.