2024 ж. 14 қазан күні дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына «Рухани келісім» күніне орай «Рухани келісім – бейбітшілік пен тыныштыққа жол» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс шара бір-бірін құрметтеуге, түрлі халықтардың салт-дәстүріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Кітапханашы мерекенің тарихы мен оның Қазақстан халқы үшін маңызына тоқталды. Келесі кезекте балаларға «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» тренингі өтті.