«Радио дауысы»

Ақпанның 14-і күні, Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио дауысы» атты әуе толқынды кеш өтті. Кеш барысында кітапханашы Радионың шығу тарихы мен сол салада қызмет еткен ұлы тұлғалар туралы мәліметпен бөлісіп, оқырмандардың назарына презентация ұсынды. Кеш қонағы, Павлодар халық радиосының бас редакторы Бекболат Сауырбайұлына сөз беріліп, «Домбыра — дастан» үйірмесінің қатысушылары күй орындады.

 

Комментарии запрещены.