7 желтоқсан күні Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Альрами» клуб үйі қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері үшін «Қысқы-қыс» атты мерекелік бағдарламасын өткізді. Мақсаты : әдебиетке, ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыру, тапқырлықты дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Жүргізуші – кітапханашылар Любовь Степановна Микушина мен Елена Юрьевна Борякина жылдың ғажайып және әдемі уақыты- қыс мезгілі туралы айтып , 19-20 ғасырлар ақындары И.Суриков, С.Маршак, И.Никитин ақындарының өлеңдерінен қыс көрінісі туралы үзінді оқыды.
Қатысушылар қысқы жыл мезгілін неліктен және не үшін жақсы көретіндерін қуана түсіндіріп , «Қысқы сұрақ – жауап » сайысында жұмбақтарды шешті.
Ерекше жандандырған «Ертегілер хормен жүруді бастайды» байқауында кітапханашы ертегі мультфильмінен үзінді көрсете отырып, кітапхана қонақтары оның тақырыптарын тапты. Бұл сайыста көрсетілген мультфильмдер : «Снеговик-почтовик», «Когда зажигаются ёлки», «12 месяцев», «Снегурочка», «Мороз Иванович», «Дед Мороз и лето», «Новогодняя », «Жыл- был пёс», «Снежная королева», «Умка».
Мерекелік бағдарлама «Зайкина избушка» қуыршақ спектаклі мен «Зима в простоквашино» мультфильмінің көрсетілуімен жалғасты. Мерекелік шара бойы мынандай өлеңдер тыңдалды: «Зима» (сөзі Е.Островскийдікі, әні Э.Ханканікі), «Зимняя сказка» (сөзі А.Усачеванікі, әні А.Пинегинанікі), «Марш снеговиков» (сөзі А.Усачеванікі, әні М.Дунаевскийдікі).
Қатысқандар саны – 27 адам.
Кітапхана ұжымы, ҚБҰ «Альрами» КҮ атынан қайырымдылық іс-шараларды өткізгені және серіктестігі үшін Алғыс хат алды.