01.04.2025 сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада «Құстардың құпиясы» атты экологиялық ойын өткізілді. Шараның мақсаты: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешіп, құстар туралы танымдық деректермен танысты, олардың дауысын ажыратуға үйренді. Ойын түрінде өткен шара балалардың экожүйедегі құстардың рөлі мен оларды қорғаудың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті. Шара көңілді әрі танымды атмосферада өтіп, балаларға ерекше әсер сыйлады және табиғатты аялауға деген ынталарын арттырды.