Қуанышты оқу сағаты «Қазақстан бойынша кітап саяхаты»

Орталық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында 4 «в» сынып оқушылары мен шағын ауданның оқырмандары үшін 2019 жылғы балалар кітабы мен музыка апталығы аясында Қазақстанның жазушылары мен ақындарына арналған «Қазақстан бойынша кітап саяхаты» атты қуанышты оқу сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстан мен Павлодар облысы бойынша жыл мерейтой иегерлері  ақындарымен танысу.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина бұл ақындардың Отаны – Қазақстанның үлкен елі, оның биік таулары мен құнарлы алқаптары, құрғақ далалары мен тың жерлері, өзендер мен көлдері, теңіздері мен тау жоталары бар екенін айтып, Жазушы, ақын, сценарист Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың 95-жылдығына, жерлес-балалар ақыны, педагог, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мүбарак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 95-жылдығына, Павлодар ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың 75-жылдығына, педагог, ақын, музыкант, «Славян мәдени орталығы» ЭМБ төрағасының орынбасары Людмила Николаевна Бевз 60-жылдығына, «Қазақстан жазушылары» атты слайд-презентацияны тамашалауға ұсынды.

Әрбір ақынның шығармашылығы туралы виртуалды көрме дайындалды, ал жүргізуші «Менің атым Қожа» буктрейлерін, «Мүбарак Жаманбалинов» және «Ақбет таудан таң атады арайлы» атты бейнероликтерді көруді, орыс немесе қазақ тілдеріне аударылған белгілі өлеңдерді оқуды ұсынды.

Кітапхана қонағы-ақын, музыкант Людмила Николаевна балаларға өлең жазуды қашан бастағанын, өз шығармаларын кімге жиі арнайтынын, «Мишутка», «Не болды?», «Зубки», «Жаңа костюм», «Королева» және т. б. «Балалар мен балалар туралы» өлеңдер жинағындағы  өлеңдерді жазудың уәжіне айналған немерелерінің өмірінен күлкілі жағдайлармен бөлісті. Людмила Николаевна 23 ертегісі жарық көрген  ««А» әрпінің көңілді-көңілді түрленуі» кітабына ерекше назар аударды, онда балаларды «А» әрпінің түрленуімен таныстырды. Осы кітаптың  арқасында ата-аналар өз сәбиін оқуға дұрыс және сауатты дайындай алады. Кітапханашылар қонақтарды Л. Бевз шығармашылығы бойынша «Ақынның миссиясы» виртуалды көрмесімен, «Муха» әнінің бейнежазбасымен (А. Цветаеваның өлеңдері, л. Бевз музыкасы) және «Сәнқой» әнімен (Е. Игнатовская өлеңдері, Л. Бевз музыкасы) толықтырды.

Іс-шара «Әдеби Қазақстан» жедел-сұрақ-жауап ойынын өткізумен және «Оқыңыз, оқыңыз» бейнеклип көрумен аяқталды.

Комментарии запрещены.