«Қорғаушы атаққа — лайықты бол»

Отан қорғаушылар күні қарсаңында №43 мектептің 3 сынып оқушыларына 5 мамырда «Қорғаушы атаққа — лайықты бол» конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Бұл күн бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің кепілі болатын ұлттық армияның құрылған күні. Кітапханашы мерекенің тарихы туралы айтып берді, барлығы бірге Отанымызды қорғаған даңқты батырлардың есімдерін еске алды. Қыздар ұлдарға арналған құттықтау өлеңдерін оқыды. Балалар «Біздің батыр ақылмен бай», «Әскери жұмбақтар», «Армия мамандықтары», «Не екенін тап…», «Нысанаға тигізу» және т.б. ойындар мен конкурстарға белсене қатысты. Оқушылар өздерінің сап түзіп жүру, командаларды орындау қабілеттерін көрсетті. Іс-шара соңында балалар кітап көрмесімен танысты.

 

Комментарии запрещены.