2025 жылғы 23 шілде күні Орталық кітапхана жүйесінің фойесінде халқымыздың бай мәдени мұрасын қадірлейтін жандарға арналған жарқын әрі шабыттандыратын «Қолөнер» шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараның қонақтары республикалық «Қазақ аналары» бірлестігі филиалының өкілдері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары болды.
Қолөнер шебері Раушан Смағұлова өзінің шығармашылық жұмысы туралы айтып, дәстүрлі ою-өрнектердің көмегімен тұрмыстық заттарды — көрпелерді, жастықтарды, көрпешелерді — қалай әсемдейтінін көрсетті.
Ол қазақ халқының қолданбалы өнері — бұл тек тұрмысты көріктендіру құралы ғана емес, сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени құндылықтар, сенімдер мен дәстүрлерді сақтаудың маңызды тәсілі екенін атап өтті. Қонақтар үқолөнер шеберінің ақпаратын қызығушылықпен тамашалап, шеберге сұрақтар қойып, жан-жақты жауап алды.
Осындай кездесулер алдағы уақытта тұрақты барлық келушілер мен жаңа оқырмандар үшін де өткізіліп тұрады Қолданбалы өнер өзінің тереңдігімен және байлығымен жұртшылықты әлі де баурап, шабыттандыра береді.















