29 наурыз Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында жерлес жазушымыздың Ж. Аймауытовтың 135 жыл толуына орай «Қазақтың ұлы жазушысы» әдеби сағаты өткізілді. Оқушыларға Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы айтып берілді. Жазушының «Ақбілек», «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы» повестерінен үзінділер оқылып талқылау жасалды. Бірнеше сұрақтарға балалар жауаптарын айтты. Кітапханашылар слайд көрсетті, «Өрен жазушы» кітап көрмесіне шолу жасады.