«Қазақтың батыр қызы»

30 қазан күні кітапханамызда Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың батыр қызы» атты жедел ақпарат өтті. Шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке, батырлар ерлігін құрметтеуге баулу. Іс-шара барысында оқырмандарға Әлияның ерлік жолы, оның Отан алдындағы батырлық істері туралы мағлұматтар ұсынылды. Батыр қыздың өмірі мен ерлігі туралы қысқаша ақпарат берілді. Кітап көрмесі де ұйымдастырылып, шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.