24 қазан күні Республика күніне орай № 5 мектептің 5-6 «Ә» сынып оқушыларына «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды Отанын сүюге, ел тарихын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушыларға Республика күні мерекесінің пайда болу тарихы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Қазақстанның болашақ даму жолдары туралы айтылды. Патриоттық сағат ауызша журнал түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара төрт бөлімнен тұрды: «Елім менің», «Еліміздің нышандары», «Еліміздің ұлы тұлғалары», «Менің Отаным – Қазақстан». Оқушылар Отан, ел бірлігі, туған жер туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтып, «Қазақ елі» тақырыбында сұрақ-жауап ойынына белсене қатысты. Сонымен қатар, «Анаграмма» атты танымдық ойын арқылы білімдерін сынады. Іс-шара соңында оқушылар «Менің Республикам» бейнероликті тамашалап, «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесімен танысты. Қорытынды бөлімде бәрі бірге «Атамекен» әнін орындады.















