«Қазақ мұрасы»

18.07 сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапханада ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Бейсенұлы Омаровтың 105 жылдығына орай «Қазақ мұрасы» домбыра кеші өтті. Қазақ КСР халық әртісі, күйші-домбырашы Р. Б. Омаров — 1919 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ленинградта (Санкт-Петербург) музыка училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы, сонымен қатар консерваторияда сабақ берген. Ә.Есқалиев, Қ. Ахмедияров сияқты көптеген күйшілерді даярлады. Қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген.

Комментарии запрещены.