25 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы және Роза Бағланова атындағы мәдениет үйі бірлесіп «Туған өлкенің мәдениеті мен әдебиеті» жобасы аясында Халық әншісі, композитор Майра Шамсутдинованың 135 жыл толуына орай Әбу Бәкір Сыддық медресесінің оқушыларына «Қазақ даласының ақмаржаны» атты өнер сағатын өткізді. Жастарға әнші Майраның өмірбаянымен шығармашылық жолы туралы деректі фильм көрсетілді, «Еркемай» домбыра үйірмесі күй ойнап оқырманымыз Мүтай Б. «Бүлдірген» әнін орындады. Кітапханашылар кітап көрмеге шолу жасады.