«Қазақ батырлары» атты тарих панорамасы

20 маусым күні «ҚР министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК Павлодардағы филиалында №10 қалалық кітапхананың қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және  «Кітапхана айлағын кеңейтеді» бағдарламасы бойынша отан қорғаушы солдаттар үшін  өткізді.

Алдыменен жүргізушілер  сәлемдесіп, кітапхана туралы, ондағы ашылған кітапханадағы коворкинг орталығы жайында мәлімет берді. Қазақ тарихындағы  батырларға кезең кезеңімен  қысқаша тоқталып  өтті. Қазақ халқының бағына туған барлық батырлар туралы қысқа уақытта айтып өту мүмкін емес.  Шара барысында ержүрек батырларға арналған «Тәуелсіздікті аңсаған батырлар» атты бейне фильм көрсетілді. Бейнефильмде батырлар, билер, хандар туралы, олардың өмірбаяндары, жорықтары туралы көрсетілді.

Кітапхана қызметкерлерімен бірге өлкемізге, республикаға танымал ақын, жырау, абайтанушы Әсенов Даниял Сабырұлы қатысты.  Даниял Сабырұлы әскерлерге рухты ақыл кеңестер беріп, жігерлендіріп ортақ әңгімеге тартты. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» жырын жырлап берді.

Шараны арығарай жүргізушілер Ұлы Отан соғысы жылдардағы қазақ батырлары жайлы баяндап жалғастырды. Соның ішінде  екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы  Бауыржан Момышұлы жайлы кеңірек тоқталып өтті. Жауынгер- жазушының еңбектеріне тоқталып талдау жүргізілді.

2018 жылы «жыл кітабы» болып таңдалған «Ұшқан ұя» кітабына баса назар аударылды. Сонымен қатар ғаламтор желісінен алынған қызықты деректер топтамасынан алынған  «Бауыржан Момышұлы» деп аталатын бейнефильм көрсетілді. Кітапханашылар 1940-1951 жылдар аралығында Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен шайқасқан   Сейітхан Әбілқасымның “Оспан батыр” романын таныстыра отырып, «Оспан батыр» бейнефильмін ұсынды.Отан қорғаушыларымыздың тарихтан білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойылып, викториналар ойнатылды.

Шара соңында кітапхана қорынан алынған кітаптардан көрме ұйымдастырылып, шолу жасалынды.Қатысқандар саны: 30 адам.

Комментарии запрещены.