«Қазақ әдебиетінің кемеңгері»

27 қарашада Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қазақ әдебиетінің кемеңгері» атты тарихи сағат өткізілді. Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларын кеңінен насихаттау, оқырман қауымның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру. Іс-шара барысында акция аясында таңдалған автордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, әдеби мұрасына шолу жасалды. Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, пікір алмасты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Комментарии запрещены.