Қала күні — шаттық пен кітап мерекесі

Павлодар қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен орталық саябақта қала күніне орай мерекелік шара өтті. Кітапқұмар қауым үшін ашық аспан астында буккросинг бұрышы, өлкетану мен қала тарихына байланысты кітаптар көрмесі ұсынылды. Әрбір келуші өзіне ұнаған шығарманы таңдап, кітап сиқырына енді.

Ал кішкентай оқырмандар үшін асық ату, арқан тарту, көңілді эстафета сынды ұлттық және қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, өнерсүйер жандар ақ қағазға қаланың әсем көріністерін түсіріп, Павлодарға деген сүйіспеншілігін бейнеледі.

Осылайша, кітап пен өнер тоғысқан күн қала тұрғындарының жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз!

Комментарии запрещены.