26 қаңтар күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының қызметкерлері #40 мектебінің 10 сынып оқушыларына ғалым, абайтанушы Қ. Мұхамедхановтың 110 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов — абайтанушы, ғалым» әдеби сағатын өткізді. Оқырмандарды белгілі абайтанушы, ғалым, жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың Алаш жұртына сіңірген зор еңбегің дәріптеу, және шығармашылығымен таныстыру мақсатында оқушыларға видеоролик көрсетіліп, өмірбаяны мен шығармашылығы айтылып, кітап көрмеге шолу жасалды және сұрақ-жауабы өткізілді.















