«Поэзияның жарық жұлдызы»

4 наурыз күні №3 көпшілік кітапханада «Поэзияның жарық жұлдызы» поэзия сағатында қазақ поэзиясының ұлы ақыны Т. Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуын атап өтті. Шарада оқушылар Т. Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, оның терең мағыналы шығармашылығымен танысты. Ақынның өлеңдері әрбір жүректі тербеп, ұлттың рухын жоғары көтеретін сөздерімен әрдайым есте қалады. Іс-шара ақынның шығармашылығына деген сүйіспеншілігімізді одан әрі арттырып, оның поэзиясын болашақ ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Комментарии запрещены.