«Поэзия- сөз өнерінің алтын тәжі»

13.09.2023 ж. Орталық қалалық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Поэзия- сөз өнерінің алтын тәжі» атты поэзия сағаты өтті. Бұл кешімізге Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері қатысты. Студенттер ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, жалпы поэзия деген ұғымды қалай түсінетіндері жайлы ойларымен бөлісті. Сейтқанов Ислам «Білімдіден шыққан сөз» атты Абай Құнанбаевтың өлеңін, Ақылбекқызы Альмира «Үш бақытым» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңін, Байыр Максим «Өнер-білім бар жұрттар» атты Ыбырай Алтынсариннің өлеңін және Черкова Анастасия Абайдың бір қара сөзін жатқа оқып берді.

Комментарии запрещены.