24 сәуір №3 көпшілік кітапханасында көпшілік оқырмандар үшін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Поэзия мен проза: Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы» атты кітап конференциясы өтті. Іс-шара «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, ұлттық әдебиетті насихаттауға және оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталды. Қатысушылар жазушылардың өмірбаянымен, көркем шығармаларының мазмұнымен танысып, олардың поэзиясы мен прозасынан үзінділер оқыды. Конференция рухани даму мен әдеби мұраға жақындауға мүмкіндік берді.