6 наурыз күні № 4 көпшілік кітапхана тұрақты оқырмандары-сүйікті аналар, дана әжелер үшін «Отбасылық оқу кітапханасы» мақсатты бағдарламасы аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Пейілі кең жүрегі дархан– асыл жандар» отбасылық мерекесін ұйымдастырды. Қонақтардың алдында кітапханашы Серуен Зоя сөз сөйлеп, ол өз сөзінде әлемдегі асыл жан және жаныңа ең жақын жан Ана екендігін ескере отырып өзінің ізгі тілегін білдірді. Қатысушылардың назарына кітапхана қорынан кітап көрмесі ұсынылды. Әрі қарай мереке «Сюрприз», «Жүлдені ал», «Викторина» байқауларымен, «Пакетте не бар екенін тап?» және т. б. бағдарламаларымен жалғасты. Мерекеге арналып дайындалған ақ дастарханда әжелеріміз өздері өлең оқып, қазақ, орыс, украин тілдерінде ән шырқалды.