«Павлодар тарихының басты сақтаушысы»

22 қаңтар күні № 27 орта мектептің 8 сынып оқушылары үшін Павлодар қаласының құрметті азаматы, мәдениет саласының құрметті қайраткері, өлкетанушы тарихшы Э.Д. Соколкиннің 90 жылдығына арналған «Павлодар тарихының басты сақтаушысы» атты тарих сағаты өткізілді. Іс-шара барысында тарихты білу өткенді терең түсінуге, бүгінгі күнді қадірлеуге және болашақты құруға көмектесетіні туралы айтылды. Оқушылар павлодарлық өлкетанушы Э.Д. Соколкиннің өмірбаянымен танысып, оның өмір жолы мен қызметі туралы жан-жақты әңгімеленді. Әңгіме фотосуреттер көрсетіліп, сондай-ақ тақырыпты тереңірек ашып, «Тарих сақтаушысы» бейнематериал ұсынылды. Іс-шараға П. Васильев атындағы үй-мұражайдың сақтаушысы Татьяна Сергеевна Корешкова шақырылды. Татьяна Сергеевна оқушыларға өлкетанушы Э.Д. Соколкин туралы әңгімелеп берді. Оқушыларға «Өз ойыны» зияткерлік ойын ойнатылып, Э.Д. Соколкиннің кітаптарына шолу жасалды. Оқушылар туған өлкенің тарихы бойынша білімдерін кеңейтті.

Комментарии запрещены.