№4 көпшілік кітапханасында «Павлодар: керемет адамдар қаласы» атты библиография күні өтті. Шара барысында павлодарлық тұрғындарға өңірден шыққан көрнекті тұлғалар — Қаныш Сәтбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин және басқа да айтулы есімдер туралы ақпарат берілген арнайы буклеттер таратылды. Бұл шара қала тұрғындарының қызығушылығын оятып, ерекше ықыласқа ие болды.
Шараның мақсаты — туған өлке тарихын насихаттау, отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Акция қала көшелерінде өткізіліп, барынша кең аудиторияны қамтуға бағытталды. Таратылған буклеттерде танымал тұлғалардың өмірбаяны мен фотосуреттері берілді.















