29 қараша күні №2 Балалар кітапханасы мен М. Әуезов атындағы орта мектеп кітапханасының қызметкерлері «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» кітапхананың қалалық жобасы және М. Әуезов ат. мектептің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2 сынып оқушыларымен «Мен қандай оқырманмын?» кітапханалық сабағын өткізді. Барлығы 8 сынып қатысты: 2 сынып — мемлекеттік тілде, 6 сынып — орыс тілінде оқитын сыныптар.
Алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Әр сыныпқа оқу үшін бес кітаптан ұсынылды. Бұл қазақ, орыс, шетелдік ертегілер, белгілі классиктердің әңгімелері. Қосымша сынып жетекшілері оқушылардың оқу күнделіктері бойынша оқылған кітаптардың есебін жүргізді. Балалар оқыған шығармаларға суреттер салды. Олар «Біз ертегіні суреттейміз» слайд-презентациясында көрсетілді.
Іс-шара театрландырылған қойылыммен аяқталды. Әр сынып оқығандары бойынша: «Жалқау бала», «Шалқан», С. Я. Маршактың «Ақымақ тышқан» ертегілері, Н.Н. Носовтың «Фантазерлер», М. М. Пришвиннің «Балалар мен үйрек балапандары» әңгімелері және И. А. Крыловтың «Инелік пен құмырсқа» мысалы бойынша сахналау дайындады. Белсенді қатысқаны үшін барлық сыныптар әртүрлі дәрежедегі «Дипломдармен» марапатталды. Сондай-ақ, оларға оқуға міндетті кітаптар тізімі жазылған «Құрметті формуляр» табысталды. Барлығы 100 адам қатысты.