20 қарашада № 21 ЖОББМ 7 «А» сыныптың 21 оқушысына Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына арнап «Өз заманының қаһарманы» әдеби-музыкалық сағаты өткізілді. Мақсаты: Бұқар жыраудың өмірбаянымен таныстыру.
№ 3 балалар кітапханасының жүргізуші-кітапханашысы Динара Амангельдиновна Калиева қазақтың ұлы жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау Абылай ханның ақылшысы әрі кеңесшісі болды. «Өз заманының қаһарманы» Бұқар жырау туралы слайд-презентациясы көрсетілді. Ары қарай балалар «Тарих ағымындағы тұлға» атты бейнероликті тамашалады. «Бұхарекең жырлайды» балалар «Абылай ханның қасында», «Қилы заман», «Тілек» шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқыды. Шара соңында «Құс қанатты өмірім» кітап көрмесі шолу жасалды. Шара балаларға ұнады.Қатысқандар саны: 21.