«Оян, қазақ!»

19 қыркүйек күні № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері 8 сынып оқушыларына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ағартушы, ақын және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» атты әдеби кешін өткізді. Жүргізуші М. Дулатұлының өмірі мен қызметі, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, «Алаш» партиясының қызметіне қатысуы туралы айтып берді. Іс-шара барысында бейнесюжеттер мен қатар «Оян, қазақ!» поэтикалық жинақтан өлеңдер оқылды. Ақынның өмірі туралы деректі фильмдер көрсетілді. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.