Қыркүйектің 9-ы күні Кенжеколь а. көпшілік кітапханасында 14 қыркүйек – Отбасы күніне арналған «Отбасы құндылықтары» атты ақпарат сағаты өтті. Шараның мақсаты – оқырмандарға отбасы ұғымының маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сыйластық пен қамқорлыққа негізделген қарым-қатынасты насихаттау. Іс-шара барысында балаларға отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылып, сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Оқушылар отбасы жайлы ойларымен бөлісті.














