15 мамырда кітапханада Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы – бәрінің басы» атты демалыс кеші өтті. Іс-шара қонақтары қазақ отбасының дәстүрлі өмір салты: ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргені, еңбек еткені, ұрпақ тәрбиелегені туралы қызығушылықпен тыңдады. Олар отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелерімен бөлісті, жас кезіндегі қызықты оқиғаларын еске алды, отбасылық дәстүрлер туралы қызықты викториналық сұрақтарға жауап берді, отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды. Кітапханашылар «Отбасы-өмірдің негізі» көрмесін тамашалап, оқырмандардың назарын кітапханадан шыққан жаңа кітаптарға аударды.