«Отаның – тыныш, сен — тыныш»

06.05 күні кітапханамызда «Отаның – тыныш, сен — тыныш» ерлік сағаты өткізілді. Жас оқырмандарымыз 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Тәжік-Ауған соғысының ардагері, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, шекара қызметінің зейнеткері, спортшы Жотеков Айбек Шәріпбайұлымен кездесті. Кездесу барысында қонағымыз өзінің еңбек жолы мен жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп, балалардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Бұл шара жас оқырмандар үшін пайдалы болғанына сенімдіміз.

 

Комментарии запрещены.