«Оқымысты адам жасасын!» библиография күнінің есебі

 24 қантар күні Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларына библиография күнін өткізді.

Шараның мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,   алғашқы кітапханалармен және кітаптың шығу тарихын, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

«Оқымысты адам жасасын!» слайд көрсетілуімен қатар жүргізушілер өздерінің әңгімелерінде  кітаптың шығу тарихын, кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапханалар және кітапханашы мамандығы жайлы айтты.

Алғашқы кітап осыдан бірнеше жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Кітап түрлері әртүрлі болған. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Ұрпақтарына өздерінің ой, сезімін қалдыру үшін адамдар жазбаларды ойлап тапқан.

Шара барысында «Мақалдар», «Жаңылыс», «Сөздерге саяхат» атты сайыстар, сұрақ-жауап тесті,  балаларға «Әдеби сұрақ-жауап»,  «Сіздің кітап таңдаудағы көмекшіңіз» кеңесі берілді. Шараға «Кітап – өмір ұстазы» атты кітап көрмесінде кітап және кітап оқу туралы әдебиеттір ұсынылды.  «Ақындар мен жазушы мерейгерлері» көрмесі де ұйымдастырылып, шолу жасалды. «Вовка в тридесятом царстве» мультфильмінен үзінді мен «История возникновения книги»,    «Да здравствует человек читающий» бейнебаяндары көрсетілді.

Кітап мерекесі тамаша өтті!!!

Қатысушылар саны 20 адам

Комментарии запрещены.