2024 жылдың 28 наурызында «Өзің оқы және басқаны қызықтыр!» жобасы аясында №8 балалар кітапханасы «Оқы, ойна, парақта» атты танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар балалар әдебиетінен білімдерін сарапқа салды. Олар жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сүйікті шығармалары мен кітап кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Одан кейін екі командаға бөлініп, сүйікті жазушылары С.Михалков, Е.Успенский, Г.Андерсеннің шығармалары бойынша қызықты сұрақтардан тұратын ойында сайысқа түсті.