22 қыркүйек күні № 43 мектептің 7 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Оқуға кеңес береміз» атты іс-шара өткізіліп, оқушыларды жазушы Такен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығымен таныстырдық. Оқушылар олардың шығармаларынан үзінділер оқып, Т. Әлімқұловтың «Рекс» әңгімесін талқылауға қатысты. Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасады.